Срок страхования | 15 лет | 14 лет | 13 лет | 12 лет | 11 лет | 10 лет | 9 года | 8 года | 7 года | 6 года | 5 года | 4 года | 3 года | 2 года |
Страховая сумма | 82 625$ | 79 658$ | 76 788$ | 74 011$ | 74 418$ | 68 887$ | 66 525$ | 64 293$ | 62 113$ | 59 980$ | 57 901$ | 55 931$ | 54 007$ | 52 485$ |
Ставка вознаграждения | 3.41% | 3.38% | 3.36% | 3.32% | 3.29% | 3.26% | 3.22% | 3.19% | 3.15% | 3.08% | 2.98% | 2.84% | 2.60% | 2.46% |
Инвестиционный доход | 32 625$ | 29 658$ | 26 788$ | 24 011$ | 21 418$ | 18 887$ | 16 525$ | 14 293$ | 12 113$ | 9 980$ | 7 901$ | 5 931$ | 4 007$ | 2 485$ |
Доходность | 65.25% | 59.32% | 53.58% | 48.02% | 42.84% | 37.77% | 33.05% | 28.59% | 24.23% | 19.96% | 15.80% | 11.86% | 8.01% | 4.97% |
Төленетін сомма
$
Әлемдік тәжірибеде өмірді сақтандыру компаниялары (бұдан әрі – ӨСК) едәуір тұрақты қаржы институттары болып табылады. ӨСК несиелерді бермейді, яғни өз клиенттерінің ақшасын жоғары несиелік тәуекелге қоймайды. Бұның орнына ӨСК ұзақ мерзімді жоғары сенімді активтерге (жоғары рейтингілі бағалы қағаздарға) салымдарды жүзеге асырады. Осылайша, пайыздық табыстың тұрақтылығына қол жеткізіледі, сонымен қатар салынған қаражатының сенімділігі қамтамасыз етіледі.
Ұлттық Банк төлем қабілеттілігінің маржасы, жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі сияқты пруденциялық нормативтерді орнату арқылы ӨСК-ның қызметін қадағалайды және оған мониторинг жүргізеді. Мысалы, жоғары өтімді активтер барлық қабылдаған міндеттемелерден 110% -дан кем емес болуы тиіс, яғни егер қаржыны мерзімінен бұрын қайтару қажеттілігі туындайтын болса, ӨСК өзіндік капиталын есепке алмай, 110%-ға артық өтімді активтерге ие болады. Бұл ретте бизнестің ұзақ мерзімділігінің ерекшелігіне байланысты ӨСК қызметі тұрақты болып келеді, және де дағдарыс кезеңінде де өседі (6 жылдың ішінде, орташа есеппен жылына 32%).
«NOMAD LIFE» өмірді сақтандыру компаниясы «Номад» сақтандыру тобына кіреді, қандай да бір қаржы немесе өнеркәсіптік топпен баланысты компания болып табылмайды – яғни басқа қаржы немесе өнеркәсіптік компанияларының несиелік тәуекелдерін өзіне алмайды. Біздің қайта сақтандырушы компаниямыз жоғары рейтингілі (АА- рейтингі) еуропалық қайта сақтандыру қоғамы болып табылады.
Өмірді сақтандыру компаниялары: сақтау және көбейту қағидасы бойынша әрекет ете отырып, ұзақ мерзімді перспективада қаржыны жинақтайды. Мұндай жинақ девальвациялық үрдістерден қорғалған. «ZOLOTO NOMADOV» өнімі бойынша табыстылықтың мөлшерлемесі бүкіл мерзімге кепілдендіріледі және белгіленеді. Бұл қаржы нарығының жоғары құбылмалылығы кезеңінде ыңғайлы және тиімді болып табылады, осылайша, қайта инвестициялау тәуекелін болдыртпайды, табыстылықтың қандай да бір көрсеткішіне (мысалы, LIBOR мөлшерлемесі) тәуелді болмайды. Бұл ретте табысқа салық салынбайды. Сақтандыру арқылы қорғау клиенттің өмірінде қолайсыз оқиғалар басталатын кезде бүкіл соманы алуға кепілдік береді (сақтандыру төлемдері мұрагерлікке беріледі).
Депозиттер: Орташа есеппен алғанда, Ұлттық банктің мәліметтері бойынша жылдың басынан бері мерзімді валюталық бөлшекті салымдар бойынша табыстылық 0,7 пайыздық тармаққа төмендеді. Егер 2016 жылы мұндай депозиттер бойынша мөлшерлемелер 2,9% болса, онда 2017 жылы 2,2% -ға дейін төмендеді. Енді нарықта долларлық салымдар бойынша табыстылық 1%-дан аспайды.
Қор нарығы: қор нарығындағы активтер біліктілік пен шығындарды талап етеді, яғни пассивті табыс болып табылмайды. Клиент жоғары құбылмалылығына байланысты шамадан тыс тәуекелдерді өзіне қабылдайды. Нәтижесінде бүкіл қаржысынан айырылып қалу тәуекелі бар. Сонымен қатар қазіргі кезде көптеген индекстердің бағаларының белгіленуі тарихи максимумында тұр. Бұл орайда әйгілі әлемдік индекстердің орташа ұзақ мерзімді табыстылығы жылдық 6%-дан көп құрамайды. Қол жеткізген табысқа міндетті түрде салық салынады (10%). Сонымен қатар елдің аумағынан тыс активтерден алынған табыстар туралы декларацияны жыл сайын тапсыру қажет.
20 жыл ішінде орташа табыстылық | |
---|---|
S&P 500 | 5,3% |
Dow Jones | 6,3% |
Бұл жағдайда «You can’t beat the market» деген сөзді есімізге түсіру жеткілікті. Бұл сөз басқарушының барлық шығындарын шегергенде, ұзақ мерзімді табыстылықты нарықтан жоғары асыру сирек жағдайда мүмкін болатындығын білдіреді!